Талдықорғанда 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы жеткіншекке сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен
Талдықорғанда 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсетті деген күдікке ілінді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірімдердің әрекеті жазылған видео әлеуметтік желіде тараған. Полиция мәліметінше тексеріс кезінде 13 және 15 жастағы жасөспірімдер анықталыпты.
“Бейнежазба 2022 жылдың желтоқсанында жасалғаны белгілі болды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлімі “Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген