Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тағы қайталағым келеді": 97 жастағы қария парашютпен секірді (видео)

Америкалық ардагер Том Райс 97 жаста екеніне қарамастан парашютпен секірді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі France24 басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол парашютпен секіруін «Оверлод» операциясына қатысушыларды еске алу құрметіне арнады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастардың әскерлері Нормандия жеріне түсірілген еді. Қария 75 жылдан кейін дәл сол жерге , Францияның Карантан қаласына парашютпен қонды.  

Райспен бірге әлемнің 14 елінен келген 200 адам парашютпен секірді. 

«Мен қайтып келіп, осы әрекетімді қайталағым келеді», - дейді қария.

 

1944 жылы 6 маусымда Францияның солтүстігіндегі Нормандия жеріне одақтастар әскерлері түсіріле бастап, Еуропадағы ұлтшылдар әскеріне қарсы «екінші майданды» ашқан еді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр