Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тағы екі қала тұрғындарын миллионға жеткіземіз": Назарбаев Қазақстандағы демография туралы

ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қатарына тағы екі миллионер қала қосылатынын айтты. Олар - Ақтөбе мен Қарағанды. Бұл туралы ол ХІІ Астана экономикалық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Бүкіл әлемде, сондай-ақ, біздің елде де урбанизация жоғары қарқынмен дамып келеді. Бізде халықтың 40%-і ауылдарда тұрады. Олардың 20%-і ауылда жұмыс істесе, 20% ауылда тұрғанымен, қалада еңбек етеді. Ірі қалаларымыз өсіп жатыр. Ел астанасы аз ғана 20 жыл ішінде 180 мың тұрғыны бар шағын қаладан 1,2 миллиондық ірі қалаға айналды. Алматы тұрғындарының саны 2 миллионнан асып түседі. Былтыр олардың қатарына Шымкент қосылды. Біз тағы екі қаланы осындай деңгейге жеткізбекшіміз», - деп айтты Назарбаев форумда. 

Оның айтуынша, екі қала даму орталығына айналып, адамдарды, білім мен технологияны «магнит» сияқты тартатын болады. 

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар». Тақырыбында өтіп жатқан форумға әлемнің 74 елінен келген сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысып жатыр. Форумға жалпы 5 492 делегат тіркелген. 710 астам шетелдік және қазақстандық БАҚ аккредиттелген.

Талқылау