Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перуашев: Табысын жасырған миллионерлерді бәрібір таппайсыздар

Мәжіліс депутаттары электронды ақша аударылымдарына салық салынуы қажет деген бастамаға қарсылық білдірді. Себебі сатып алынатын тауарға төлем жасалмайтын тұрып, оған табыс салығы салынып қойылған екен. Сонымен қатар салық төлемей қашып жүрген миллионерлердің үлесі бір пайызға да жетпейтін көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Құрметті салық қызметкерлері, электронды төлем жүйесінің көмегімен табысын жасырған кәсіпкерлерді бәрібір таппайсыздар. Олар ақшасын адал тауып жүрген адамдар. Оның орнына үлкен сомада пара алып, оны оңды-солды шашып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді ұстаңыздар», - деді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Қазір елімізде ұялы телефон арқылы төлем картасынан басқа картаға ақша аударуға салық салынуы қажет деген бастама қызу талқылануда. Бұл мәселені ешкімге залалын тигізбейтіндей етіп шешу әлі ешкімнің ойына келмепті.

«Ұлтық банк пен қаржы министрлігі өзара бірігіп, мәселені шешумен айналысып жатыр. Меніңше, қолма-қол ақшасыз жасалатын төлем мемлекет бюджетіне өз септігін тигізеді. Таңданатын еш себеп жоқ. Көлеңкелі экономика – табыстың негізгі көзі», - деді ҚР ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.

Талқылау