Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Табысым – 350 мың теңге": Ата-анасы бас тартқан жас суретші қалай аяққа тұрғанын айтты

Туғанынан тағдыр тауқыметімен күресіп келе жатқан шымкенттік өнерлі жігіт Әлібек Тишкинбаевтың есімі бүгінде үшінші мегаполиске ғана емес, елімізге белгілі жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер мен өнер жұлдыздарына да етене таныс.  Қылқаламды жанына серік еткен жас Stan.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында қалай айына 350 мың теңге табыс табуға болатынын және отандық танымал тұлғалардан кімдердің суретін салғанын, сондай-ақ, ата-анасы неліктен бас тартқанын айтып, жан сырын ақтарды.

Туғанынан сал болып дүние келген 22 жастағы жігіт өмірдің сынағына мойымаған жан. Бүгінде аяғынан тік тұрып, жұмысқа өзі барып келеді. Қайсар жан мұның бәріне өмірге деген құштарлығы мен өнерге деген сүйіспеншілігінің арқасында қол жеткізгенін айтады.

- Негізі кең-байтақ еліміздің солтүстігінде туып, оңтүстік өңірінде өстім. Нақтырақ айтсам, Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында дүниеге келдім. Әкем менің мүгедек екенімді естіп анамнан, ал анам болса, жағдайының жоқтығын айтып, менен бас тартқан екен. Сөйтіп, мені 4 жасымда қазіргі Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан «Көксәйек» жарымжан балаларға арналған мектеп интернатына әкеліпті. 15 жасыма дейін сонда тәрбиелендім.  2012 жылы Кентаудағы «Арнаулы кәсіптік колледжін» «Есеп және аудит» мамандығы бойынша қызыл дипломға аяқтап, кейін қаладағы ОҚМПИ-де жоғары білім алуға тапсырдым. «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын биыл үздіктер қатарында бітірдім. Мүмкіндігі шектеулі азамат ретінде қосымша қоғамдық жұмыстарға белсене араласа жүріп көзге түсіп, жұмысқа да орналастым. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы атаулы әлеуметтік төлемдер бөлімінде жетекші маманымын. Ескі жараның орнын қозғағым келмейді. Анамды білемін. Кейде сөйлесіп тұрамыз, - дейді Әлібек Талғатұлы.

10 жасынан бастап шығармашылықты нықтап қолға алған ол әлеуметтік салада жүріп мемлекеттік мекемеде қызмет етеді. Алайда, өнерден алыстамаған. Осы жасында облыс пен республика көлемінде бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері де аз емес. Талай байқаулардың жүлдегері атанып жүрген өнер иесі қоғамда суретшілердің еңбегін жұртшылық бағаламай жататын әңгіме барысында тілге тиек етті.

- Сурет салу – сүйікті ісім. Қол жұмыстарын да еш қиналмай жасауға дайынмын. Шиден бәйтерек тұрғызып, керек десеңіз тігін тігемін. Тоқыма жұмысына да тапсарыстар түседі. Көбіне портрет салып беремін. Жылына жүзден астам адамды кескіндеймін. Оның ішінде  танымал тұлғалар мен өнер жұлдыздары да бар. Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Мамин, Мадина  Абылқасымова, Әкім Ысқақтарды атап өтуге болады. Өзім құрмет тұтатын жандарға сыйлық ретінде ұсынып келдім. Ал жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді тапсырыспен салғыздыратын. Суреттің авторы болған соң көп ретте өз қолыммен табыстағанмын, - дейді талант иесі.

Әлібек мемлекеттік қызметкер бола жүріп, жұмыстан босаған уақытында тапсырыс қабылдап, айына 200-300 мың теңгеге жуық табыс табатынын айтады.

- Бұлай тер төгуімнің тағы бір себебі – мен сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға стимул беру. Олардың өмірге деген көзқарасын өзгертсем, ал қарапайым жандарға мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекке қарап қалмай, біздің қолымыздан іс келетінін дәлелдемекпін. Бірақ елімізде суретшілердің өнері мен жасаған еңбектерін бағаламайтынына қарным ашады, - дейді жас суретші.

Өмірдің сынағына жеңілмеген өжет жігіттің арманы асқақ, алға қойған жоспары айқын. Бүгінде ол Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясына магистратураға оқуға түсу үшін құжаттарын өткізген. Шымкенттік Жастар мәслихатына өз кандидатурасын ұсынған. «Өліспей беріспеймін!» деген қағиданы өмірлік ұраны еткен оның болашаққа деген кемел көзқарасы бар. Әр салған суреті мен атқарған ісі мақтауға тұрарлық.
 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыс өңірлерде ыстық басылады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

2019 жылғы 24-26 тамызға арналған болжам

"Кім көрінгенді алады": Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы

Қала басшысы биыл Қытайдан 200 автобус келетінін айтты

Сот Таразда жетімдер үйінің негізін салған америкалыққа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді

Шетелдік азаматша Тараздағы балаларға көмек көрсететін қордың негізін салушы

Осымен екінші рет: Түркістан облысында ер адам кейуананы тірідей өртеп жібермек болды

Қария полицейлердің тек таңертең келгенін айтып шағымданды

"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

Өнер иесі атышулы арудың жақсы қасиеттерін айтып берді

Адам ағзаларын тура көшеде тұрып өртеген: Шымкентте шу шықты

Компания биыл үш рет ұсталса да, ереже бұзуды жалғастыруда

"Қасымда бол": Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді

Жұрт жұлдызды жұпқа бақыт тіледі

Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады: ҚР СІМ түсініктеме берді

Ресейде полицейлер зорлаған қазақстандық қыз елшіліктің көмегіне жүгінбеген

"Аздап қорқып тұрғаным рас": Головкин қарсыласы Деревянченко туралы

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 5 қазан күні өтеді

"Осының есі орнында ма?": Сәукеле киген отандық әзілкеш сынның астында қалды (видео)

Өнер иесі әйелдер киінетін дүкендердің бірінде киім таңдап, жұртты күлдірмек болған
Çàãðóçêà...