Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұрақты ұнатпай қалды: Қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді (видео)

Қазақстандық кәсіби боксшы Мадияр Әшкеев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында эмоциясын ұстай алмай, журналистің бетіне су шашып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұрақты ұнатпай қалды: Қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді (видео)

Сұхбаттың 25-минутында жүргізуші боксшы мамандығының қауіптілігі туралы сөз етті. Ол ресейлік ауыр салмақтағы боксшы Магомед Абдусаламовтың оқиғасын еске алды. Боксшы 2013 жылдың қараша айында кубалық Май Перестен жеңіліп, комадан бір-ақ шыққан еді. Ол әлі күнге дейін қалыпты өмірге орала алмады.

Абдусаламовтың жұбайы Баканай оның жағдайына қарамастан, қиындықта қалдырмады. Ол әліге дейін күйеуін аяққа тұрғызатынынан үмітті. 2017 жылдың қыркүйегінде боксшының отбасы дәрігерлердің қателігі үшін Нью-Йорк штатынан 22 млн доллар көлемінде өтемақы өндіріп алды. 

«Егер сіз Магеомедтің орнында болсаңыз, әйеліңіз сізді тастап кетер ме еді?» - деп сұрады журналист Әшкеевтен.

Алайда боксшы жүргізушінің бұл сұрағын ұнатпай қалып, оның бетіне бір стақан су шашып жіберді. 

Артынша Әшкеев сұхбатты тоқтатты. Ал жүргізуші екеуінің арасында ерлердің ашық әңгімесі жүріп жатқанын айтып, көндіруге тырысты. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр