Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулық байқауының қатысушысы өзінің жабық купальнигімен таңғалдырды

«Мисс Англия» конкурсының қатысушысы серфингке гидрокостюм үлгідегі купальникпен келді деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мисс купальник

21 жастағы бойжеткен 49 қатысушының ішіндегі бикини кимеген жалғыз адам. 

"Мен жартылай жалаңаштана алмаймын. Ашық киімде өзімді ыңғайсыз сезінемін. Бикини кимегенім, өзімнің дене пішінімнен ұялатынымды білтірмейді. Сондай-ақ, гидрокостюмді кигенім біздің дінде купальникке тыйым салынғаны үшін емес", - дейді бойжеткен. 

Ханның айтуынша, оның ұстанымы көпшілкті қуантқан және адамдардан жағымды пікір естіген. 

Оныңы алдында Аиша Хан «Мисс Лестер» конкурсында жеңіске жеткен еді. 
«Мисс Англия» конкурсына қатысушылар қандай купальник киетіндерін өздері таңдаған. Ол жерде тек куапльник киюден ғана жарыспады, қойылған сұраққа жауап берді.

 «Мисс Англия» конкурсының қорытындысы  осы жылдың 1 тамызы күні белгілі болады. 

Талқылау