Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұлтанов, Байбек және Әбдірахымов әкім қызметін атқарушы атанды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Alt

«ҚР Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін:

  1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
  2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінеді жарлық мәтінінде. 

Республиканың президенті қайта сайланғанда республикалық маңызы бар қалалар, облыстар әкімдерінің өкілеттігі тоқтайды. Алайда Тоқаев олардың әзірге өз міндеттерін атқаруды жалғастыратыны туралы жарлыққа қол қойды. 

Айта кетсек, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, қызметіне кірісті.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр