Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әйел аламын деген сөз ұнамайды": Танымал вайнер үйленбеген жағдайда суррогат ана тауып алатынын айтты

Нұрлан Батыров егер үйленбесе суррогат ана тауып алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» газетіне сілтеме жасап. 

Белгілі вайнер Нұрлан Батыров бұл жайлы өзін жақсы көретін жандармен болған кездесуде айтты.

Биылғы жылы Нұрлан қысқа видеолармен шектелмейтін болды, оның кейіпкері толықметражды көркем фильмнің басты рөлін сомдаған.

Оқырмандарының барлық сұрағына жауап беремін деген ол көптен бері үйленуді жоспарлап жүргенін жеткізді.

«Әйел аламын деген сөзді жақсы көрмеймін. Мен өзімнің екінші жартымды тапқым келеді. Бұл тақырыпқа қатысты арнайы болжамдарым мен жоспарларым жоқ. Менің адамым басыма түскен алма сияқты ойламаған жерден келетіндей. Болмаған жағдайда баламды дүниеге алып келетін суррогат ана тауып аламын. Бірақ, анамның қандай ойы бар екенін білмеймін», - дейді Нұрлан Батыров.

Ессіз әйел образын жасауда да Нұрланды анасы шабыттандырған көрінеді. Енді ол «Бойдақ» атты шоу жасамақ. Сол шоу арқылы Нұрлан Батыров өзіне жар тауып алғысы келетін сияқты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр