Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сұлтан Сүлеймен” сериалының жұлдызы сүйіктісінің ұсынысын қабылдамай қойды

Әйгілі “Сұлтан Сүлеймен” түрік телесериалының бас кейіпкері Мерьем Узерлиге сүйіктісі ұсыныс жасаған.

2ce38d2e-0b7b-4619-95b9-b225115fada3

Фото: 24smi.org, the-most-beautiful.ru

Бұл туралы 1news.az хабарлайды.

Актрисаның сүйіктісі белгілі түрік бизнесмені, яхта-клубының иесі Алып Озджан екен. Жұп сегіз айдан бері кездесіп жүрген.

8a00f7a35f

Жігіт ұсынысты Берлинде Мерьем Узерлидің 33 жасқа толған туған күнін тойлау кезінде жасаған. Жас жігіттің ұсынысына актриса бірден жауап бермеген. Кейінірек, “Әзірге біраз күте тұрамыз, әлі ерте” деп қарсылықпен жауап қайтарған.

968410a2-2082-4c3c-a1e9-2621ac8367fa

Бұған дейін түркиялық ақпарат құралдары бизнесмен мен актрисаның тойы тамыздың аяғында болады деп жазған еді. Алайда күтпеген жауаптың кесірінен, ол той жуық арада бола қоймайтын секілді.

8a9ce0a6200a43d2ddb9fa50da4572c7

Еске сала кетсек, 31 шілде күні Мерьем Узерли әлемдегі ең үздік актриса атағын да иеленген болатын. Ол марапаттау кешінде кейіпкерді жәй ойнап ғана қоймай, соның өмір сүру салтына кіріп, образға енгенін және бұл марапаттың үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтқан еді.

Талқылау