Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Суға батқан ағайындыларды іздеу кезінде: Ақтауда жағажайдан адамның қаңқасы табылды

Ақтаудағы жағажайлардың бірінен адамның қаңқасы табылды. Оның кімге тиесілі екені белгісіз.

Суға батқан ағайындыларды іздеу кезінде: Ақтауда жағажайдан адамның қаңқасы табылды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі InAktau.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тұрғындар адам қаңқасын 8 шілдеде Tree of life демалыс базасының аумағынан тауып алған. 

Куәгерлердің сөзінше, болжам бойынша «Шора» су арнасына батып кеткен ағайындыларды іздестіру барысында адамның қаңқасы табылыпты. Іздестіру жұмыстарына тартылған ат сол жерді қазғанда, астынан қаңқа шыққан. 

Суға батқан ағайындыларды іздеу кезінде: Ақтауда жағажайдан адамның қаңқасы табылды

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда суға  батып  кеткен ағайындылардың табылмай жатқанын хабарлаған едік. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр