“Су тасқыны болуы мүмкін”: Қазгидромет ақпан айына қатысты болжам жасады
Қазгидромет ақпан айындағы су тасқынына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны болуы мүмкін.
Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 3 см-ден 84 см-ге дейін артық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орта есеппен 7 см-ден 40 см-ге дейін кем.
Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық. Ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік