Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Stan.kz байқауына қатысып, музыкалық премияға билеттер ұтып ал

Алдағы демалыста оңтүстік астанада Eurasian Music Awards EMA - 2019 музыкалық премиясы өтеді. Уақытты өнер сүйер қауымның арасында тамаша өткізу үшін Stan.kz ақпарат агенттігі ұсынған байқауларға қатысыңыз. 

Бірінші байқауда бес әннің атын және оны кім орындайтынын табыңыз.

Бүгінгі күннің жаңалықтарының ішіне халық әнінің сөздерін жасырдық. Соны іздеп тауып, сөйлем, яғни екі тармақ ретінде бізге жазып жіберіңіз. Бұл — екінші байқаудың шарты. 

Үшінші байқауға қатысып, қазақ әндерін, қазақ тілін қаншалықты жақсы білетініңізді тексеріңіз. Біз екі шетел әнін қазақшаға аударамыз және екі қазақ әндерінің сөздерін өзгеріссіз жариялаймыз. Қай ән қазақ тілінде жазылған, қай ән шетелдікі? Тауып көріңіз. 

Бірінші байқау. 

Төмендегі әндерді кім орындайды? Әндерді атымен бірге табыңыз. 

 

1.  Махаббатым сен, жұлдызым да сен,

     Көп іздедім өзіңді аңсап.

     Арманым да сен, бақытым да сен,

     Ойымдасың сен менің бірақ.

 

2. Жарқырап жайнашы жұлдызымдай, 

     Менің жаным-ау.

     Сайрашы бұлбұлымдай,

     Менің жаным.

     Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші,

     Балауса арналады саған әнім.

 

3. Өзіңді аңсап, өтеді көктем, өтер күз. 

    Аңсаумен өткен өмірге мынау не етерміз?

    Көрсем деп шіркін іздеген мәңгі бір-бірін 

     Көк аспандағы ай менен күндей екенбіз. 

 

4. Бөленейік бірге, 

   Қуанышты күйге. 

   Қысылмашы, келші, 

   Меніменен биле. 

 

5. Еліміз, жұлдызы жанған,

    Жеріміз, тәуелсіз арман.

    Ерміз, жаралған ардан,

    Төбеміз көк аспан.

 

Екінші байқауда халық әнінің сөздерін Stan.kz жаңалықтарынан іздеңіз. 

Үшінші байқау  — ағылшын тілінен аударылған танымал әндердің ішінен қазақ тілінде жазылып, қазақша жарық көрген әндерді табу. 

 

1.Әр түн сайын өзіңді,

  Түсімде көрем, сезінем. 

  Осылайша мен сені, 

  Жанымда жүр деп білем. 

 

2. Сенің көзің түпсіз терең, тұңғиықтан жаралған

    Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. 

    Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған. 

    Шашың сенің жан баспаған жапандағы қара орман. 

 

3.Бүгін кеште құлпырып тамсандырдың, 

   Жарқырадың жұлдыздай, таңғалдырдың. 

   Қаншама адам жүр шақырып биге өзіңді, 

   Жігіттер жүр сұрап сенен мүмкіндікті. 

 

4. Тойыңа гүл алып,

    Келдім мен қуанып,

    Қарсы алдың күлімдеп көктемдей.

   Жүзіңе нұр тұнып,

   Кетіпсің құлпырып

   Бір бақыт сәулесін төккендей.

 

Дұрыс жауапты пікір қалдыру арқылы беріңіз немесе біздің Instagram желісіндегі парақшасына жіберіңіз.


 


 

Талқылау