“Жетісу” сапында ойнаған блогер Абилованың күйеуі жанкүйерлердің сынына ұшырады

Танымал блогер Мерей Абилованың күйеуі, футболшы Димаш Қашкен жанкүйерлердің сынына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 қазан күні өткен Қазақстан чемпионаты аясында “Қайрат” пен “Жетісу” арасындағы матчта талдықорғандық клуб сапында алаңға шыққан футболшы Димаш Қашкен жанкүйерлердің сынына ұшырады.
Көпшілік “Жетісу” құрамында ойнаған Қашкеннің ойыны көңілден шықпағанын жазып, әлеуметтік желілерде түрлі пікір білдірді.
“Ағаш сияқты, не үшін доп теуіп жүр?”, “Мерейдің абыройын түсірмей, үйде отыра берсең қайтеді?, “Цирк”, “Мынау тіпті дұрыс доп тебе алмайды ғой”, “Келген допты тіпті қайтара алмайды”, “Байдың баласы”, – деген сынды жағымсыз пікірлер футболшының Instagram парақшасында жазылған.
Алайда футболшының өзі бұл пікірлерді кейіннен instagram парақшасынан өшіріп тастады.
Айта кетейік, Димаш Қашкен – танымал блогер Мерей Абилованың жұбайы.
Қазақстандықтардың зейнетақылары нашар басқарылады: Зейнеткерлер қазір онсыз да кедей, тағы кедейлене түсе ме
Сарапшы уәде етілген "алтын қарттық" неліктен күнкөріске айналғанын талдап көрді
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"

