Жапониялық актриса: Головкин бойымды билеп алды, оның аурасы керемет
Токиодағы Геннадий Головкин мен Риота Мурата жекпе-жегінде жұмыс істеген жапон қызы Мана Амано қазақстандық атақты боксшыға тәнті болды.

Бойжеткен өз елінде актриса және модель ретінде өте танымал. Ол өте ашық түсірілімдерге қатысады, суреттерін әлеуметтік желілерде де жариялайды. Мана Амано GGG оны өзіне қаратқанын мойындады.
"Головкин керемет. Оның аурасы адамды тартады, ол нағыз джентльмен. Оның денесі экраннан көргеннен әлдеқайда күшті. Мұрата, керісінше, өзін әдеттегіден басқаша сезінді", - деді Амано Number Web-ке берген сұхбатында.
Еске салайық, сәуірде Головкин орта салмақтағы жекпе-жегінде Мұратаны мерзімінен бұрын жеңіп, IBF және IBO чемпиондық титулдарына WBA Super белбеуін қосып алған болатын.
“Бұларға дін ойыншық болды”: Хиджаб киіп уағыз айтқан қалаулымдық Камила көпшіліктен сөз естіп қалды
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"