Ұлттық құраманың бас бапкерлігінен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайрат Сәтжанов Мұхтархан Ділдәбековтың орнына Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне сайланды.
Ал Мұхтархан Ділдәбеков отандық боксты дамыту және ішкі үйлестіру мәселелеріне жауапты болады. Ол 2024 жылдың ақпан айынан бері Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметін атқарып келген.
Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов бұған дейін денсаулығына байланысты ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімдеген еді. Ол бұл қызметті Париж Олимпиадасындағы сәтсіз нәтижеден кейін қабылдаған. Былтыр оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"