Париж олимпиадасының жүлдегерлері коронавирус жұқтырып келген
Париж олимпиадасынан оралған Қазақстан құрамасының спортшылары COVID-19 вирусын жұқтырып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп Париж олимпиадасының жүлдегерлері елге коронавирус жұқтырып келгенін мәлімдеді.
“Құрамадағы үш жүлдегер мен екі бапкерден COVID-19 анықталды. Олардың ПТР-тестілері оң нәтиже берген. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар оқшауланып, ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Команданың өзге өкілдерінен вирус анықталған жоқ", - деді Диас Ахметшәріп.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі олимпиада ойындарында жеті медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 43-орынға жайғасқан еді.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"

