Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясында қанша жалақы алатыны белгілі болды
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында қанша жалақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euro-football.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram/cristiano
Криштиану – Сауд Арабиясы лигасындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы.
Сауд Арабиясы футболындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың рейтингі Al Sharq News беттерінде жарияланды. Ақпара Bloomberg және Forbes мәліметтеріне негізделген.
Криштиану Роналдудың жылдық табысы – 285 миллион доллар. Бұл соманың 220 миллион доллары спортшының жалақысы. Қалғаны футболдан тыс табыс.
Екінші орында жылдық жалпы табысы 110 миллион доллар болатын Неймар тұрса, Карим Бензема 104 миллион доллармен үздік үштікке кірген.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"

