ММА-дан кете ме? Қуат Хамитов күтпеген мәлімдеме жасады

ММА спортшысы Қуат Хамитов алғашқы фильмін түсіретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Иә, бұл рас. Келесі жылы көктемде алғашқы фильмімді түсіруді жоспарлап отырмын. Сценарийді өзім жаздым, актерларды де өзім іріктеп жатырмын және жобаның қаржылық жағын толықтай өз мойныма аламын. Бұл мен үшін жай ғана дебют емес, қазақ кинематографиясына жаңа тыныс әкелетін туынды болғанын қалаймын.
P.S. Қыздар, егер мен сіздерге жазсам, рөлге қарастырып жатқаным”, – деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін бірнеше медиажобаға қонақ ретінде қатысқанымен, ешқашан продюсерлікпен айналыспаған.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді
Рахат: "Таиланда дүниеге келіп, Қазақстанда болып көрмеген қыздарым менімен қазақша сөйлеседі"

