Мбаппе Ла Лигада Роналдуны басып озды

Мадридтік "Реал" Ла Лиганың 11-туры аясында "Валенсияға" қарсы матч өткізіп, 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойынның алғашқы таймында Килиан Мбаппе 19 және 31-минуттарда гол соғып, дубль авторы атанды. Нәтижесінде Ла лига тарихында алғашқы 45 матчында 44 гол соққан әйгілі Криштиану Роналдудың рекордтын бұзды.
Айта кетейік, мұндай нәтижеге соңғы рет Ференц Пушкаш жеткен — венгриялық аңыз шабуылшы да алғашқы 44 ойында 44 гол соққан еді.
Естеріңізге салсақ, “Реал Мадрид” францияның жұлдызы Килиан Мбаппемен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Биылғы маусымда ол мадридтік клуб сапында барлық турнирде 14 ойын өткізіп, 18 гол соғып және 2 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар Мбаппе “Реал” сапында 2024/25 жылғы үздік сұрмерген атанды. Мұндай қарқынмен футболшы кезекті мәрте тағы бір Еуропаның “Алтын бутсысы” күтіп тұрғаны анық.
"Табысын инфляция жеп қояды": Ұлттық банк неге қазақстандықтардың зейнетақысын тиімсіз басқарып отыр
Сарапшы уәде етілген "алтын қарттық" неліктен күнкөріске айналғанын талдап көрді
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"

