Махмұд Сабырхан ауыр нокаутпен әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол 1/8 финалда Косово өкілі Башким Баджокуды нокаутпен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундта Сабырханның дөп тиген соққысы қарсыласын нокдаунға жіберді. Баджоку рингке қайта тұра алмай, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.
Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл турнир — World Boxing ұйымы өткізген алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
"Табысын инфляция жеп қояды": Ұлттық банк неге қазақстандықтардың зейнетақысын тиімсіз басқарып отыр
Сарапшы уәде етілген "алтын қарттық" неліктен күнкөріске айналғанын талдап көрді
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"

