"Көлік үшін рақмет": "Қайрат" ойыншысы Қалмұрза мен Анарбеков алған машинаға қатысты әзілдеді

Алматылық "Қайраттың" португалиялық қорғаушысы Луиш Мата клубтағы командаластарына жасалған сыйлықтарға қатысты әзілмен пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза "Реалға" қарсы өткен Чемпиондар лигасы ойынынан (0:5) кейін автокөлік сыйға алған болатын. Бұған дейін дәл осындай сыйлықты тағы бір қақпашы — Темірлан Анарбеков те иеленген еді.
Осы жағдайдан кейін Луиш Мата әлеуметтік желіде балаларға арналған ойыншық көлікте түскен суретін жариялап, жазба қалдырды:
"Автокөлік үшін рахмет😂💛", — деп жазды қорғаушы әзіл аралас үндеуінде.
Жанкүйерлер португалиялық футболшының бұл қалжыңын жылы қабылдап, суретті белсенді түрде бөлісіп жатыр.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған

