Айдана Құмартаева таеквондодан әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Айдана Құмартаева қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
46 келіде ел намысын қорғаған Айдана Құмартаева жартылай финалда түрік спортшысына есе жіберді. Нәтижесінде қола жүлдені місе тұтты.
Бұған дейін 49 келіде Нодира Ахмедова қола жүлде жеңіп алған еді. Бұл жаһандық дода 30 қазанға дейін жалғасады. Айтулы бәсекеге еліміздің атынан 16 таеквондошы бақ сынауда. Олардың алды өкіншке қарай жарыс жолын жүлдесіз аяқтады. Әлем чемпионатына әлемнің 179 елінен 991 спортшы қатысуда.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған

