Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сотталушының өлімінен кейін: Қарағанды облысында дәрігерлерге қатысты тергеу басталды

Қарағанды облысында дәрігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Сотталған адамның өліміне байланысты Қарағанды облысы Оскаровка аудандық полиция бөлімінің сақшыларына қызметтік тексеріс басталды. Сергей Малай есімді сотталушы ұсақ қылмысы үшін қамауға алынған. Алайда түрмеде өткізген 8 күннен кейін көз жұмған. 2-10 шілде аралығында қамауда болған сотталушы осыған дейін өзін талай мәрте соққыға жыққанын сот залында айтқан екен. 

"Мені 5 адам соққыға жықты. Мен оларға айқайладым, таяқпен ұрды. 5 ер адам. Әбден ауру болып қалдым. Мен олардың үстіне арыз жасамын. Ауруды жеңілдететін дәрі беріңіздерші", - деген екен соңғы сот отырысында Сергей Малай.

Бұл сөздерінен кейін сотталушы көп ұзамай көз жұмды. Бейнежазбада судьяның сотталушы арызын қабылдау туралы бақылау органына берген тапсырмасы жазылған. Алайда прокурорлар бұл деректерге қатысты ақпарат бермеген. Тергеушілер дәрігерлердің қаншалықты кәсіби көмек көрсете алғанын да тексеретін болады. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Талқылау