Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот танымал блогер Әсел Баяндароваға қатысты үкім шығарды

Сот танымал блогер Әсел Баяндарованы ақтады. Ол жала жауып, қорлады деп айыпталған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот танымал блогер Әсел Баяндарованы ақтады

Бұл туралы Баяндарова Facebook желісінде жазды. 

«Мені ақтады! Әділ шешім шығарғаны үшін сотқа, сонымен қатар қорғаушыларға алғыс білдіргім келеді», - деп жазды блогер. 

Теngrinews.kz порталының мәліметінше, іс Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында қаралған. Сот Әсел Баяндарованың әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылықтар табылмағандықтан, оны кінәсіз деп таныды. 

Еске сала кетсек, Баяндароваға Қылмыстық кодекстің «Жала жабу», «Қорлау» бабы бойынша айып тағылған еді. Екі баптың екінші бөлігінде бұл әрекеттер көпшілік алдында жасалғанын немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін қолдана отырып жасалғандығы көрсетілген.

Блогер желіде анасын жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткенін, ауруханаға жеткізіп, апат туралы айтпауды өтінгенінін жазған. Баяндарованың айтуынша, анасын бірнеше сағат көндіріп, тіс жармауы үшін жүз доллар ұсынған, бірақ анасы бас тартқан.

Таяуда Баяндарова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап видеоүндеу жариялаған-ды. Онда блогер полиция полковнигінің анасын қағып кетіп, ендігі өзінен ақша талап етіп етіп отырғанын айтты.

Артынша Алматы полициясы блогер Әсел Баяндарованың анасын қағып кеткен полицейдің ісіне түсінік берді

Талқылау