Сорпа ішпегеннен асқазан жарасы пайда бола ма - Маман жауап берді
Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников сорпаның пайдасын жоққа шығарды. Оның айтуынша, сорпа ішпегеннен асқазан жарасы пайда болмайды. Мұны ол "Ресей 1" арнасының “О самом деле” бағдарламасында айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маман асқазан жарасы жұқпалы ауру екенін айтты.
Асқазан жарасы хеликобактер пилори инфекциясынан пайда болады. Сондықтан сорпа ішесіз ба, ішпейсіз бе, оған байланысты емес", – деп түсіндірді Мясников.
Мясников сорпаның пайдалы тұстары бар екенін де айтты, өйткені бұл ас қорыту жүйесіне ауыр тағамды қорытуға көмектеседі. Алайда дәрігер сорпаның орнына жылы су ішуге болатынын атап өтті. Жапондар тамақтанар алдында жылы су ішеді.
Талқылау