Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соңғы уақытта парадан бас тартқан: БҚО-да шенеунік әйелді жасырын түрде видеоға түсірген

Батыс Қазақстан облысында жергілікті шенеунік әйел соңғы сәтте парадан бас тартып, жазадан құтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Орал қалалық тауардың сапасы мен оның қауіпсіздігін қадағалау басқармасының басшысы азаматша Рамазанова сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп, оған қарсы сот алды тексеріс жұмыстары басталған болатын. 100 мың теңге көліміндегі ақша оған қаладағы мейрамхананың тексерісі нәтижесінен кейін берілетін болған көрінеді.

Пара бермекші болған кісі шенеунікпен болған кездесуді жасырын видеоға түсіріп, бейнежазбаны жемқорлыққа қарсы қызмет органының өкілдеріне тапсырған.

"Ақша үшінші адамның есепшотына аударылыпты, алайда Рамазанова ол адамға хабарласып ақшаны пара берушінің өзіне қайтаруды сұраған. Рамазанова ақшадан бас тартқаны үшін оған қарсы іс тоқтатылды. Дегенмен азаматшаның тарапынан заң бұзушылық әрекеттері орын алған, сол себепті оның басшылығына шенеунікті жұмыстан босату туралы талап қойылды", - деді БҚО-ның жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет. 

20 қараша күні жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының өкілдері мен Рамазанова жұмыс жасайтын ұйым басшылығы кездесу өткізген. Алайда мекеме Рамазанованы жұмыстан жақын арада босатуы жайлы жарғы қабылдайтын түрлері жоқ көрінеді.

 

 

Талқылау