Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сонда да сүйемін": Алматылық ару арбаға таңылған жігітін ешқашан тастамайтынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті

Жол апатынан жұлыны үзіліп, арбаға таңылған Бақдәулет пен сүйіктісі Құралай армандарымен бөлісіп, махаббаттары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

Он тоғыз жасында омыртқадағы жұлыны үзілген Бағдәулет қазір арбаға таңылып, еркін қозғалуына мүмкіндігі жоқ. Алматыға достарымен дөнер жеуге барған ол жол апатынан осындай жағдайға ұшыраған. Жігіттің қазіргі жағдайы туралы  Алматы қаласындағы №1 клиникалық ауруханасының қызметкері Бақдәулеттің дәрігері айтып берді.

«Бір жарым жылдан кейін бірінші ауруханаға келіп жатады. Ол уақытқа дейін баланың дауысы шықпаған, трубкамен жатқан. Жарақаттан кейін кеңірдек жабылып қалған. Содан кейін кеңірдегіне түтікше қойып, дауысын шығардық», - дейді Нұрлан Серік.

Бақдәулеттің бүгінгі жағдайы мәз емес болса  да, жанынан табылып, қолдау көрсетіп жүрген сүйіктісі бар. Шын сүйіспеншіліктен туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ. Бақдәулеттің сүйіктісі Құралай арманымен бөлісті.

«Бақдәулеттің жатқан күйін көргенде өте ауыр сезімде болдым. Шыққан соң жыладым. Бәріміздің қалайтынымыз Бақдәулеттің аяққа тұрып кетуі. Ата-анам бұл жайлы біледі, олар қарсы емес», - дейді Құралай Зеит.

Махаббат достықтан, өзара түсінушіліктен, ортақ мақсаттардан, ұлықты ұмтылыстардан басталады. Бағдәулеттің де екінші өмірі махаббаттан бастауын алған. Құралай Бақдәулеттің ұсыныс жасаған кезін қуана есіне алды.

«Маған ұсыныс жасағанда таңқалдым. Далаға шығып қайтайық дегенбіз. Жолда достарын кездестіріп қалдық. Күдіктенген жоқпын. Сосын пакет қалып қалды соны алып келші деді. Одан жарайды бара беріңдер, арттарыңнан келемін дедім. Артымнан інісі жүгіріп келіп, сен кішкене тұра тұр деді. Жақындағанда әннің дауысы шыға бастады» - дейді Құралай Зеит.

Естеріңізге сала кетейік, Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат Құралай мен Бақдәлетті үйіне қонақ еткені туралы жазған болатынбыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр