Солтүстік Қазақстанда Жошы хан әулетінің мазары табылды

Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында археологтар жаңалық ашты. Солтүстік Қазақстан облысында 14 ғасырға тиесілі Жошы хан әулетінің мазары табылды. 

Солтүстік Қазақстанда Жошы хан әулетінің мазары табылды

Бұнда Алтын орда дәуіріндегі құнды жәдігерлер қаз қалпында сақталыпты. Көне ескерткіш Еуразияның солтүстігінде ертеден мұсылман қауымы қоныстанғанын айғақтайды. Қазір алғаш рет Петропавлдан 500 шақырым жерде қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.  

Қазба жұмыстары жүріп жатқан жерден қымбат әшекейлер табылыпты. 

"Жер астынан көгілдір түсті тасы бар алтын бұйым табылды. Бұндай бұйымды Алтын орда дәуірінде бай-бағландар таққан", - дейді археолог Тимур Смағұлов. 

Солтүстік Қазақстанда Жошы хан әулетінің мазары табылды

Мамандар ол жерде қыштан жасалған бұйымдар мен керамикалық заттардың қалдықтарын қазып алған. Бұл заттар сол кезде суармалы егіншіліктің жақсы дамығанын айғақтайды. Бұл деректер 700 жыл бұрын Солтүстік Қазақстанда шағын қалашық болғанын дәлелдеуі мүмкін. 

"Келесі жылы біз университет студенттерімен және экспедиция басшылығымен келісіп, тиісті қаражат аударып, ұйымдастыру жағынан та көмектесетін боламыз. Сондықтан келесі жылы жақсы жаңалықтар күтеміз", - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов. 

Қызылоба археологиялық нысанында 14 ғасырда бой көтерген 7 кесененің орны табылды. Бұл жерде Жошы хан ұлысының ұрпақтары жерленген болуы мүмкін. Бұл мәліметтер 2020 жылы жалғасатын археологиялық зерттеу кезінде дәлелденуі тиіс. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...