Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оқудан қуылады": Солтүстік Қазақстанда студенттер жаппай төбелесті

Солтүстік Қазақстан облысында университет студенттері жаппай төбелесіп, бірнешеуі әртүрлі дене жарақатын алған. Бұзақылыққа барған тәлімгерлердің барлығы да Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Серпін» бағдарламасымен Оңтүстік өңірлерден келген студенттер болып шықты. Ал, қазір жаға жыртысқан 51 азамат ұсталған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Инфорбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Жазбада жүзге жақын студенттің арасында текетірес туындап, жаппай төбелесіп жатқандары көрінеді. Куәгерлердің сөзінше 70-80 тәлімгер өзара жаға жыртыса басатаған. Бірақ, полицейлердің жинала бастағанын көріп жан жаққа қашыпты. Жаппай төбелес жатақханада тұратын Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 2-3 курс студенттері арасында болған екен. 

Төбелеске қатысы бар студенттер жатақханасында ешкім тіс жарып ешнарсе айтпайды. Тек видеоға сұхбат беруден бас тартқан кейбір студенттердің сөзінше жоғарғы курс студенттеріне төменгілерге әлімжетік жасаған. Бұны ЖОО-ның басшылығы жоққа шығарып отыр. Төбелеске қатысы барлар инженерлік және агротехникалық факультеттердің студендеттері екен. Тәлімгерлердің бірі дене жарақатын алса, тағы бір студенттің беті көгерген. Университет басшылығы төбелес асханадағы жігіттердің кезекте тұрып бір-бірімен келіспей қалғанынан басталған дейді. 

«Тәртіптік комиссия төбелесті кім бастағанын, кім кінәлі екенін анықтайды. Олар оқудан қуылады. Қалған төбелеске қатысы барлар жатақханадан шығарылады», - деді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының міндетін атқарушы Ербол Исақаев журналистке берген сұқбатында. 

Жаппай төбелестен кейін оқу орнының ректоры қызметінен кеткен. Ал, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан құзырлы орган өкілдері екі күнде төбелеске қатысы бар деген күдікпен 51 студентті ұстапты. Қалғандары әлі іздестіріліп, тергеу жалғастырып жатыр дейді. 

«Бұзақылыққа қатысы барлардың дені ұсталды. Төбелеске қатысы барлардың барлығы да елдің оңтүстік өңірлерінен "Серпін" бағдарламасымен оқуға келген студенттер»,- деді СҚО ПД тергеу басқармасының басшысы Қайрат Қасымбеков.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше төбелесті бастағандар екі жылдан бес жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Талқылау