Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында бір үйден үш адамның мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Новоселовка ауылында 3 адамның денесі табылды. Олардың екеуі әйел, бірі ер адам деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

улану

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығы Дмитрий Растихин айтты. Сөзіне сүйенсек, олардың өлімін жақындары көрген. Сондай-ақ үйде тағы бір адамның ауыр халде жатқанын байқаған. 

“Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар пешті ерте жауып, улы газдан иіс тиіп мерт болған. Қайтыс болған екі әйелдің біреуі 57 жаста, екіншісі 35-те және үй иесі ер адам 62 жаста болған. Төртіншісі ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді”, –  деді ол. 

Сондай-ақ ведомства бастығы жыл басынан бері 10 адамның көз жұмғанын, тағы 4 адамның өрттен жарақат алғанын және 24 жанның иіске уланғанына тоқталды. 

Талқылау