AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында әйелді орманда атып тастаған: Учаскелік полицей қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысында орманда оққа ұшқан әйелдің өлімінен кейін учаскелік полицей қамауға алынды. Бұған дейін марқұмның туыстары әйелді аңшы емес, полицейдің атқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қару

Прокуратура мәліметінше, 11 шілдеде Жамбыл облысы ауруханасында Бауман ауылының 51 жастағы тұрғын оқ жарақатынан мерт болған. 

"Зардап шеккен әйелдің ауылдасы, 65 жастағы ер адам ұсталды. Оған "Абайсызда кісі өлтіру" және "Заңсыз қару сақтау" баптары бойынша айып тағылды", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Озерное ауылы жергілікті полиция қызметінің бұрынғы учаскелік инспекторы Қылмыстық кодекстің 370-бабы, 4-бөлігі "Қызметтегі әрекетсіз" бойынша кінәлі деп танылып, қамауға алынған. 

""Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, күдікті полиция қызметкері бола отырып, қылмыс жасаған адамның жанында бола тұра қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кіретін әрекеттерді жасамаған", – деді прокуратура өкілдері.

Қазір облыс полициясы жедел-тергеу шараларын жүргізіп жатыр, сараптамалар тағайындалған. Дегенмен марқұмның туыстары әйелді учаскелік полицей атқанына сенімді. 

“Қабай менің анамды атқан. Олардың бренди, коньяк ішкендерін, аңшылық алдында олардың Лосеняның гаражында ұсақ калибрлы қарудың ұңғысын түзетіп жатқанын көрген адамдар бар. Учаскелік полицей жалған түсініктеме берді, тергеуді шатастырды. Ең бастысы, ол адамды құтқаруы керек еді, алайда айғақтарды жасыруға кетіп қалған”, – деді марқұмның ұлы Алтынбек Сайлауов.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында орманда жидек теріп жүріп оққға ұшқан әйелдің туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Олардың сөздерінше, иығына оқ тиіп мерт болған Алтынай Мұздықбаеваның өліміне кінәлі бостандықта жүр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр