Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Славян базары-2019" байқауының жеңімпазы Әділхан Мукиннің Литва қызына ғашық болып қалғаны рас па?

«Славян базары-2019» байқауының жеңімпазы Әділхан Макиннің Литваның қызын ұнатып қалғаны рас па? Осы туралы әнші өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия-1" арнаның "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасап. 

әділхан мукин

Әділхан Мукин Петропавл қаласында дүниеге келген. Өнер жолын «Жас қанат» байқауына қатысудан бастапты. Ол кезде туған жерінде музыка колледжінің бірінші курсында оқып жүрген екен. Осыдан кейін Әділхан оқуын тастап, Астанадағы өнер ордасына ауысады.

«Колледжде 2-курста оқудан шығарып жіберді. Оның себебі де бар. Өйткені сабаққа ден қоймадым. Себебі мені 1-курстан кейін грнатқа ауыстырмады. Маған 1-курсты жақсы бітірсең, грантқа ауыстырамыз деген. Бірақ бір пәннен үш қойған, сөйтіп оған мен қарсы болдым. Содан кейін сабаққа баруымды да тоқтаттым», – дейді Әділхан.

Қазір ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының төртінші курс студенті. "Эстрадалық вокал" мамандығы бойынша білім алады. Ал ұстазы Янис Кайсиди Әділханның дарынды шәкірт  екенін айтады. Ол өз мамандығын сүйеді дейді.

«Әкем әскери қызметтегі адам. Анам заңгер. Бала кезімнен спортқа бейім болдым. Өнерге қатты көңіл бөлмеген едім. Бірақ кейіннен қызығушылығым оянды. Сөйтіп үш жыл қатарынан іріктеуге қатысып жүрдім. Осылайша осы байқауда бағымды сынап көрдім», – дейді Әділхан. 

«Славян базары-2019» байқауының жеңімпазы қазақстандық тыңдармандармен салыстырғанда шетелтіктердің өзіне деген қошеметі керемет болғанын айтады.

«Мен үшін ән байқауларындағы ең үлкен жеңіс «Славян-2019 базары» конкурсы. Алдағы уақытта басқа да конкурстарға қатысамын деп ойлаймын», – дейді ол.

Әмірхан "Славян базары-2019" байқауында конкурсанттардың біріне ғашық болып қалған екен. Алайда ол бағдарлама аясында жеке өмірі туралы айтудан бас тартты. 

Талқылау