БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

СҚО-да жоғалып кеткен ер адам екі айдан кейін Мәскеуден табылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка қаласының тұрғыны екі айдан бері ұлын таба алмаған. Ұлы қаңтар айының соңында отбасындағы жанжалдан кейін кетіп қалып, сол күйі қайтып оралмапты. Полиция оны Мәскеуден тапты, деп хабарлайды Stan.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО-да жоғалып кеткен ер адам екі айдан кейін Мәскеуден табылды

Ұлынан хабар болмаған әйел аудандық полиция бөліміне барып, көмек сұраған. Бастапқыда тәртіп сақшылары шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы ер адамның Ресейге кетіп қалғанын анықтапты. 

Сонымен қатар өңірдегі барлық бөлімшелерге мәлімет жіберілген. Алайда ер адам сол күйі туыстарымен байланысқа шықпаған. 

Осыдан кейін солтүстік қазақстандық тәртіп сақшыларына ресейлік әріптестерінің көмегі қажет болыпты. Олар сәуір айында ер адамның қайда жүргенін анықтаған. Ол Мәскеуде жүрген болып шықты. Артынша қазақстандық құқық қорғаушылар сол жаққа аттанған. 

Белгілі болғандай, солтүстік қазақстандық ер адам Мәскеуде тіркеуге тұрып, жұмысқа орналасып алған. Алайда бұл туралы туыстарына ескертуге асықпапты. 

Ер адам қазақстандық полицейлермен кездескеннен кейін, бірден туыстарына хабарласқан. 

«Полиция қызметкерлеріне рахмет! Қатты уайымдадым. Бірдеңеге ұшырап қалды ма деп ойладым. Полицейлер осы уақытқа дейін мені тыныштандырып келді. Алайда мен ұлымның даусын естімейінше, бәрі жақсы екеніне сенбедім», - дейді Галина Болоташвили.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр