Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да өгей ата-анасының қорлығына шыдамай үйінен қашқан бала балалар үйіне жіберілетін болды

Солтүстік Қазақстан облысында үйінен қашып кеткен 10 жасар бала балалар үйіне жіберілетін болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

СҚО прокуратурасы баланың денесінде жарақаттар бар екенін растады. Бала үйінен өгей ата-анасының ұрып-соғуына шыдамағандықтан қашып кеткен. 

Баланы асырап алған ата-анасының қорлығы туралы көршісі мәлімдеген. Сөзінше, ұл бала 3 жасынан бері осы отбасымен тұрады екен. Алайда ата-анасы оны ұрып, жұмыс күші ретінде пайдаланып келген. Әрі дұрыс тамақтандырмаған. 

"Тексеру кезінде жұмсақ тіндердің көптеген жарақаты диагнозы қойылды,ғ жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Дене жарақаттарының анықталуы Қылмыстық кодекстің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталуына себеп болды. Қазір тиісті тергеу шаралары қабылданды", – делінген хабарламада.

Назархан Уән
Жұма, 03 Ақпан, 2023 08:51
Талқылау