Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да еңбек сіңірген мұғалімді өз үйінде буындырып өлтірген

Солтүстік Қазақстан облысында еңбек сіңірген мұғалім өз үйінде буындырып өлтірілген күйінде табылды. Жантүршігерлік оқиға тұрғындарды шошытты.

СҚО-да еңбек сіңірген мұғалімді өз үйінде буындырып өлтірген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Большая Малышка аулында орын алған. 80 жастағы Надежда Михайлова – белгілі адам. Зейнеткер жергілікті мектепте 80-жылдардан бері жұмыс істепті. Осы уақытта ол бірнеше ұрпаққа тәрбие берген.

«Бұл біздің ауыл үшін өте қорқынышты жағдай болды. Ол сондай үлкен өмір жолын жүріп өтті. Соғыс жылдарында туылған. Өмірінде бәрін көрді. Мектепке келіп, өз өмірінен мысалдарды айтып отыратын. Бейбіт заманда мұндай жағдайдың орын алғаны қалай?! Біреудің қолынан өлді... Адам деп те айта алмайсың», - дейді мұғалім Вера Винокурова.

Оқиғадан кейін күдікті тұтқындалған. Ол кейуананың көршісі болып шықты. 60 жастағы ер адам оның үйінде жиі қонақ болған. Ол шаруаларын атқаруға көмектесіп, зейнеткерге күтім көрсеткен. 

Ауылдастарының сөзінше, күдікті еш жерде жұмыс істемеген. Оның көршісін неліктен өлтіргені әзірге белгісіз. Полицейлер істің мән-жайын ашып айтпады.

«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің «Кіс өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімдемесіне тіркелді. Егер тұтқындалған азаматтың кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Марат Ахметбеков.

Талқылау