Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сізден естіп отырмын": Сәуле Айтпаева өзінің қызметтен босатылуы туралы

Сәуле Айтпаева өзінің қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді. Шенеунік бұл жаңалықтарды журналистерден естіп тұрғанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Аружан Саин мен Сәуле Айтпаева

Ол Аружан Саинға жаңа қызметте табыс тіледі. 

«Мен оған жұмыста табыс, ақ жол және жақсылық тілеймін. Қуанып отырмын, жұмысы табысты болсын. Мен бұл жаңалықты сізден естіп отырмын», - деді Айтпаева. 

Ол, сондай-ақ, осы қызметте жүріп жасаған ісінің жемісті болғанын айтып өтті. 

«Ең бастысы, біздің балаларымыздың бақытты болғаны. Әрдайым олардың көзі бал-бұл жайнап жүрсін», - деп қосты ол. 

Естеріңізге сала кетсек, 18 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен қоғам белсендісі Аружан Саин Қазақстандағы бала құқықтары бойынша уәкіл болып тағайындалды. Ал Сәуле Айтпаева қызметінен босатылды. 

Талқылау