Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди апатқа ұшырады: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Танымал әнші Сиви Махмуди ұшыраған жол апатының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сиви Махмуди апатқа ұшырады: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі көліктің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы өткен түні Ремизовка көшесінде болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Тайота» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, «Порше» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Порше» жолаушысы жарақаттанды», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімі аталған деректі тергеп жатыр. Тиісті сараптамалар жүргізіледі. 

Еске сала кетсек, бұған дейін әнші Сиви Махмудидің жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат тараған еді.

Талқылау