Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрінің орынбасары: Қазақстан Қытаймен шекараны жаба алмайды

Қазақстан неліктен Қытаймен шекараны жаба алмайтындығы туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі.

Қытайдағы инфекция

"Шекараны жабу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі қажет. Біздің Қытайдағы елшілік қызметкерлері Қытай азаматтары үшін мемлекетімізге кіруге алатын визаға қатаң талаптар орнатты, әсіресе денсаулық жағдайларына байланысты. Билік қазіргі таңда 72 сағаттық визасыз жүру режимін уақытша тоқтатып қойды. Сонымен қатар Қытай азаматтарының Қазақстан әуежайына келгеннен кейін визаны электронды түрде рәсімдеу де тоқтатулы. Егер шекара жабылатын болса, біз Қытайдағы қазақстандық азаматтарды елімізге әкеле алмай қаламыз", - деді Шахрат Нұрышев. 

Министрдің орынбасары Қытайда қазіргі уақытта 1300 қазақстандық жүргенін, оның ішінде  Хайнаньда жүрген 635 турист, елшіліктердің 204 қызметкерлері және одан басқа 445 азамат бар екендігін атап өтті. 


 

Талқылау