Сыртқы істер министрі: Қытайдағы қайта оқыту орталықтарында этникалық қазақтар жоқ

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайдағы қайта оқыту орталықтарында отырған қандастарымыздың көбісі босатылғанын айтты. Қазір саяси мектептерде тек қандай да бір заң бұзушылық жасаған этникалық қазақтар ғана қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Сыртқы істер министрінің қабылдауына республика бойынша 4 адам жазылған. Арызданушылардың қатарында өзі Қазақстанда, ал жанұсы Қытайда қалып қойған әйел бар. Аспан асты елі оның жанұяны біріктіруге бағытталған шақыртуын қанағаттандырмаған екен. Әйел осы мәселенің шешімін табу мақсатында министрдің көмегіне жүгінуді жөн көрді. Бірақ неге екені белгісіз ол қабылдауға келген жоқ. 

"Жақында біздің президентіміз мемлекеттік сапармен Қытайға барып қайтты. Жоғары деңгейде ол жақта мынадай ақпарат расталды. Қазіргі уақытта қайта оқыту орталықтарында этникалық қазақтар отырған жоқ. Ал, мына азамат бүгін отбасылық мәселесі шешілген соң келмеді деп сенеміз", — деді Тілеуберді. 

Сонымен қатар, ол министрліктің Қытайдағы отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін күтетінін айтты. Содан кейін ғана оны елге қайтару мәселесін көтеріледі екен. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

«Иісі жаман екен»: Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді
Çàãðóçêà...