Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлыма "әкең террорист" деген сөз ауыр тиіп жүр": Сириядан оралған қазақтың әңгімесі

Ажмамбетов Жандос - "Жусан" операциясы бойынша елге оралғандардың бірі. Ол шетелге кетпестен бұрын Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласында тұрған. Жандос соғыс аймағына намазхан достарына еріп, қиналып жатқан мұсылмандарға көмек беремін деген мақсатпен кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жігіттер

"Дінге мектептегі намаз оқитын сыныптастарыма еріп келдім, солармен бірге намаз оқып бастадым. Олар Сирияда болып жатқан жағдайды, мұсылмандардың қиналып жатқанын, зорлық-зомбылық видеоларын көрсетті. Қасымдағылар "Неге балалар үшін соғыспасқа" деп, одан кейін "Жиһадтың үлкен сауабы болады" деді. Пәтерде танысқан жігіттер "Біз шығып жатырмыз" деді.

Тіпті жанұялы біреуі "Кезінде сахабалар да отбасын құрбан еткен" деп отбасын тастап кетіп жатты. Мен сол жақта кету керек деген шешім шығардым. Кейін үйдегілерге білдіртпей, өздерің қараңдар деді. Ол әркімнің өз өмірі ғой. Мен барған кезде Қазақстаннан кеткен қырық шақты азаматтың жиырма шақтысы сол жақта болды. Соғыста қосымша топта болдық, өзім соғысқа үш рет қатыстым", - дейді ол. 

2013 жылы интернет желісінде Сирияда соғысып жүрген "жиһадшылардың" фотолары мен видеолары пайда болды. Солардың арасында Ажмамбетов те бар. Таяу Шығысқа кеткенге дейін ол шахтада ұста болып істеген. Айтуынша, ұлты араб емес адамдарды Сириядан асырып жіберудің құны – 10 мың доллар тұрады,  ал балалар үшін бұл соманың – 1/3. Ислам шариғаттарына сай өмір сүретін халифатты аңсап барған қарағандылық 2018 жылы елге оралуды ойлаған. 

жігіт

"Басында бәрі ислам шариғатына сай болып көрінген, кейіннен олардың басқа жақтарын көре бастадық. Таңертең көрген адамың түстен кейін мына өмірде жоқ. Өз басым 2018 жыл бірінші рет әйелім мен бала-шағамды Сирия мемлекетінен шығарып тастауды қаладым. Бәріміз пенде болған соң, қателік жасаймыз. Менің туыстарыма әсер етеді, балама "әкең террорист" деген әсер етеді. Өкінгенмен уақыт кері келмейді, маған Алла тағы бір мүмкіндік берген сияқты", - деді ол.

Тұтқынға түскен қарағандылық "Жусан" операциясымен елге оралған. Бүгінде оған "Терроризмді насихаттады" деген айып тағылуда. Еліміздің заңы бойынша, шетелде әскери қақтығыста болғандар отандарына оралған соң қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Талқылау