Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириядан оралған 14 қазақстандық азамат терроризмге қатысты айыпталды

Қазақстанға Сириядан қайтып оралған 14 отандасымыз терроризм бойынша айыпталуда. Олар сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сириядан оралған 14 қазақстандық азамат терроризмге қатысты айыпталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан Қазақстанның 595 азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы – балалар.

«Қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел елімізде тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша сотталып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды», - дейді ҰҚК-дағылар.

Тергеу нұсқасы бойынша, Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр. 

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына жіберілді.

Талқылау