Әйел қирандылардың астынан үш күнде екі рет құтқарылған
Сирияда Джандарис қаласының тұрғыны жер сілкінісінен кейін үйінің қирандыларынан үш күнде екі рет құтқарылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап.

Дима есімді әйел жүктіліктің жетінші айында үйінділердің астында қалып қойған. Ол тұрған үйдің бір бөлігі жер сілкінісі салдарынан құлаған. Жәбірленуші сол кезде жеңіл жарақат алған. Үйінділерден шығарылған соң ол ауруханада жатып, Аднан есімді ұл туды.
Ауруханадан шыққаннан кейін Дима жартылай қираған үйге оралады, өйткені оның басқа баспанасы жоқ еді. Үш күннен кейін ғимарат ақыры құлады. Құтқарушылар анасы мен баласын қирандылардың астынан қайта шығарды. Нәресте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, ал әйел аяғынан ауыр жарақат алды.
Педиатр Абдулкарим Хусейн әл-Ибрахим баланың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.
Дима ауруханадан қайта шығарылды. Қазір ол күйеуі Абдул Маджид және жиендерімен бірге тұрады. Алайда бала әлі ауруханада.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген