Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын ұсынды 

Синоптиктер 2019 жылғы 4-6 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп Stan.kz хабарлайды.

Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын ұсынды 

Қазақстанға жылжыған антициклон әсерінен республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын тоқтап, суықтың бетін алады. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз жылы болады.

6 мамырда күндіз ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28°С, оңтүстік және орталықта плюс 27-32°С дейін жоғарылайды.

Оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылынады.

Ал батыс облыстарында Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Найғазай кезінде екпінді жел соғады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр