Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сингапур туралы 20 қызықты мәлімет

Сингапур 1965 жылы ғана тәуелсіз мемлекет атанған ел. Ал жарты ғасырдың ішінде ол жемқор және кедей елден үлгілі мемлекетке айнала алды. Сонымен, Сингапур қай жағынан үлгі бола білді? Бұл жайлы Stan.kz ұсынған Сингапур туралы 20 қызықты мәліметтен біле аласыздар.

Сингапур туралы 20 қызықты мәлімет

  1. Сингапур - Ватикан мен Монако секілді қазіргі таңдағы қала-мемлекеттердің үшіншісі. Негізгі қаладан басқа, оның құрамына тағы 63 кішкентай арал кіреді. Олардың көбі елсіз арал. 
  2. Сингапурдың мемлекеттік тілі малай тілі болып есептеледі. Бірақ ағылшын, қытай және тамил тілдері де ресми тіл мәртебесіне ие.
  3. Сингапур әлемнің ең кіші 20 еліне кіреді. Оның аумағы 719 шаршы шақырым. Салыстыру үшін, 839 км ².
  4. Әлемде тағы бір Сингапур бар. Бұл - АҚШ-тың Мичиган штатындағы елестер қаласы.
  5. Елдің мемлекеттік туы күрделі және қызықты бейнелемелі. Қызыл түс – жалпыға бірдей бауырластық пен теңдікті, ақ – тазалық пен ізгілікті білдіреді. Сондай-ақ, жарты ай Сингапурдың жас ұлтты мемлекет екенін, ал бес жұлдыз демократияны, бейбітшілікті, прогрессті, әділеттілікті және тең құқықтықты бейнелейді.
  6. Сингапурлықтар – жаяу жүретін әлемдегі ең жылдам халық. Британдық Кеңес жүргізген зерттеуге сүйенсек, Сингапур азаматтары орта жылдамдықпен шамамен сағатына 6,15 шақырым жүреді екен.
  7. Сингапур Азиядағы ең аз коррупцияға ұшыраған мемлекеттер қатарына кіреді және бұл тұрғыда әлем бойынша бесінші орында тұр. Бұған жоғары айыппұлдар енгізу мен өз лауазымын асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту заңы себепші болды.
  8. Жыл сайын, 19 қарашада, дүниежүзілік дәретхана күні атап өтіледі. Бұл мерекені енгізуге Сингапур үкіметі бастамашыл болды. 2001 жылы Сингапур үкіметі БҰҰ-на тиісті қарар ұсынған болатын.
  9. Сингапур халқының 80% -ы мемлекет субсидиялаған әлеуметтік үйлерде тұрады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың 92%-ында өздерінің тұрғын үйлері бар. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш.
  10. Сингапур халық тығыздығы бойынша Монакодан кейін, әлемде  екінші орынды алады. Оның 719 шаршы шақырым аумағында 5 312 400 адам өмір сүреді, яғни 1 шаршы шақырым жерде 7389 адам.
  11. Сингапурды көбіне айыппұлдар қаласы деп атайды. Шынымен де, бұл елде айыппұл саны көп. Мысалы, көшеге қоқыс, сағыз  тастағаны, граффити салғаны, қоғамдық орындарда темекі шеккені және көлікте бала емізгені үшін айыппұл төлейді.
  12. Сингапурда қаланың орталық бөлігінде биіктігі 280 метрден асатын биік ғимараттардың құрылысына тыйым салатын заңнамалық шектеулер бар. Себебі, Пая-Лебар әскери әуе базасы қалаға жақын орналасқан. Дегенмен, GuocoLand компаниясы Tanjong Pagar Centre деп аталатын 290 метрлік зәулім ғимаратты тұрғызуға рұқсат ала алды. Ол 2016 жылы салынып бітті және бұл ғимарат Сингапурдағы ең биік ғимаратқа айналды.
  13. Сингапурда ешқандай табиғи ресурс жоқ. Іс жүзінде бұл елде құмнан бастап тұщы суға дейін, барлығы импортталады. Ал елдің экономикасы жеткізу, тасымалға негізделген.
  14. Әлемдегі жалғыз «Формулы-1» түнгі жарысы дәл Сингапурда өтеді. Бұл билік өкілдерінің бұған дейін жарыс кезеңдерінің бірін Сингапурда өткізуден бас тартқан «Формулы-1» басшылығын көндіруге тырысқан маркетингтік қадамы болатын. Ал бірегей идея жарнама берушілерді де, көрермендерді де қызықтырды.
  15. Сингапурда әлемдегі ең биік шолу дөңгелегі (колесо обозрения) бар, оның биіктігі - 165 метр.
  16. Сингапур бизнесті оңай жүргізетін №1 ел болып танылды. Азиядағы ең төмен салықтардың бірі де осында. Ал, бұл елде компанияны 10 минуттың ішінде тіркеуге болады. Мұнда ең аз жарғылық капитал – шамамен 1 Сингапур долларын құрайды. Бұл 1 доллардан да аз және Сингапурда компания тіркеуде бір ғана акционер бола алады.
  17. Сингапур халқының шамамен 3%-ы долларлық миллионерлер.
  18.  Сингапурлық балалар басқаларға қарағанда ақылды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жасаған математика және ғылым саласындағы академиялық көрсеткіштер бойынша сингапурлықтар рейтингте көш бастап тұр. Ал, Сингапурдың білім беру жүйесі Оңтүстік Корея мен Жапониядан кейін үшінші орынды алады.
  19.  Сингапурда әлі күнге дейін өлім жазасы бар. Яғни, мұнда есірткі сақтағаны және қолданғаны, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен және қарақшылық айналысқандарды дарға асады.
  20. Сингапур бірнеше жыл қатарынан әлемдегі ең қымбат қалалардың рейтингінде бірінші орынды иеленіп келеді. Ал, Гонконг екінші, Цюрих үшінші орында тұр.
Талқылау