БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сымды ұстаған күйі қимылсыз жатты": Алматы облысында 12 жастағы бала тоққа түсіп мерт болды

Алматы облысында тағы бір бала тоққа түсіп мерт болды. 12 жастағы жеткіншек Гүлдала ауылының қақ ортасында үзіліп жерге түскен сымды қолмен ұстап қалған. Ойын баласы трансформатор жаққа домалап кеткен добын қуалап жүгіргенде, жазатайым жағдайға тап болған. Үйінің сүт кенжесі сол жерде тіл тартпай кеткен. Ал, шенеуніктер алқам-салқам жерде жатқан сымдарды қатты жел ұшырып әкетті деп сылтауратады. 

Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлайды.

Қаза тапқан жеткіншекке ең алғаш көмекке келген азаматтың сөзінше, шулаған бала көлігін тоқтатып, жерде жансыз жатқан достарын көрсетіпті. Қолында тоқтың сымын ұстаған күйі еш қимылсыз, дейді. Айналада құрғақ ағаш болмағандықтан, көршілердің есігін қаққан. Бірақ кешіккенімді білмедім, тек салбыраған тоқты тезірек алып тастауға жанталастым, дейді ол.

«Жолдың жиегінде жатты. Сым баланың қолында тұрды. Бірден қолыма құрғақ ағаш іздеп, кетпенмен алып шығып, сымды ары қарай сырып алып тастадым. Артынша баланы көтеріп алдым», - дейді ауыл тұрғыны Әлімжан Фазылов.  

Сөйтіп, бірден ауруханаға жіберген. Өздері құтқарушыларды шақырыпты. Оған дейін сымның жанына жолай алмаған. Кішкентай балалар да әбден шошынып қалған. Өйткені өз бетінше достарын ұстай бергенінде оларды да тоқ ұрған. Әйтеуір ешқайсы зардап шекпепті. Бірақ тоққа түскен 12 жасар ұл сол кезде-ақ жан тапсырған екен. Ол бір отбасының сүт кенжесі көрінеді. Бүгін қаралы үйге бүкіл ауыл жұрты көңіл айтып баруда. 

Сол күні бес-алты бала сағат түскі үш-төрттер шамасында мешітке барған. Үйлеріне қайтар уақытта тепкен доптары тура трансформатор жанына ұшып кетіпті. Алмақ болып, сымды абайсызда ұстағанға ұқсайды. Ал шенеуніктер сол күні қатты жел бүкіл ауылды ұшыра жаздады деп төндіруде. Жаңбыр да қабаттасып, мамандар жөндеуге үлгермеген болуы керек дейді. 

«Қатты жел болды. Сол қатты желден жарықтың тоғы үзілген. Бірақ біз келгенде үзілген сымды көрмедік», - дейді ауыл әкімінің орынбасары Меруерт Әзілкияшева. 

Көрмейтініндей бар. Бала өлімінен кейін шұғыл түрде мамандар бар үзілген сымды жалғаған. Ондағы сымдар Талғар аудандық электр стансасына тиесілі. Жұрт «шенеуніктер жел мен жаңбырды сылтауратпасын, екі күннің бірінде тоқтың сымы жерде жатады» деп ашуланды. Енді қайғылы оқиғадан кейін ауылдағы бүкіл трансформатор қоршалып, үзілмейтін кабель орнатса деп отыр. 

«Тоқтың сымдары ылғи жерде жатады немесе трансформатордың беті ашық тұрады. Ал балаға оны түсіндіріп көріңіз. Баланың аты бала ғой. Жел болған сайын үзіліп, мамандарды шақырамыз. Олар өте кеш келеді», - дейді ауыл тұрғыны Диляра Таипова. 

Өмірі қыршыннан қиылған бүлдіршінді туғандары бүгін ауыл бекетіне жерледі. Ал ата-анасы трансформаторға жауапты мекемені сотқа бере ме, бермей ме белгісіз. 

Айта кету керек, бұл Алматы облысы бойынша соңғы бір аптаның өзінде үшінші бала өлімі. Күні кеше бір отбасы қос ұлынан айырылған еді. Онда өз аулаларында жатқан су сорғыштың кабеліне түсіп мерт болды. Ал мұнда Гүлдала ауылының орталық көшесініңде жатқан кабелді қолмен ұстап қалған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр