Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте итальяндық шұлықдамбал шығаратын болды

Алматылық кәсіпкер Серік Ахметов Шымкентте шұлық шығаратын фабрика ашты, деп хабарлайды Stan.kz.

HUaNfKqGHlsP
Бірақ шұлықдамбалдың қаптамасында өндірушінің мекен-жайы көрсетілмеген.

“Қаптамада”made in Shymkent” деп жазылғанды қазақстандықтар бәрі бірдей қабылдай қоймайды. Оның үстіне көпшілігі отандық өнімнің жақсы болатынына сенбейді. Қазақстандықтар көбіне шетелдік өндірушілерге сенеді. Бірақ ол қате ұғым. Біздің ел де шетелдік өндірушілерден кем емес. Сондықтан осындай айлаға бардық”,- дейді Серік Ахметов.

Айтуынша, олар негізінде итальяндықтармен серіктес. Себебі, құрал-жабдық, матаға дейін сол жақтан алынады. Жалпы, бұл фабрика Бүкіл Орталық Азия бойынша біреу ғана екен.

Кәсіпкердің өзі шұлықдамбал шығару жағынан үздік елдерді аралап, танымал фабрикаларда болып, бәрін бақылап келген. Бүгінде фабрикада 15 адам жұмыс істейді. Қазір фабрикада 8-100 DEN қалыңдықтағы шұлықдамбалдар бар. Сонымен қатар, нәски, шұдықтар, кестелі шұлықтар шығарады. Тіпті, кәсіпкер өз өнімінін Алматыда қазан айында өткен сән апталығында көрсеткен екен.

PBggVgJpZFIr

 

Талқылау