Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік келіншек сауда орталығының дәретханасында босанып қалды

23 жастағы келіншек Әйгерім Әбдікәрімқызы сауда орталығында баласын өмірге әкелді.

«Shymkent plaza» сауда үйін аралап жүрген келіншектің толғағы келіп босанып қалды, деп жазады сауда орталығының Инстаграм парақшасында.

Оқиға 10 қазан күні болды. Әйел сауда орталығының дәретханасына барғанда, аяқ астынан толғағы қысады. Оған күзет қызметкерлері көмектесіп, жедел жәрдем шақырды. Алайда келіншек дәрігерлер келгенше босанып алды. Жаңа туған сәбидің есімі Айша Қамбар. Қыз бала дені сау болып өмірге келді. Анасы да өзін жақсы сезінеді.

Сауда орталығының әкімшілігі нәрестеге жөргектер мен қоларба сыйлайтынын хабарлады.

“Айша Қамбар өз есіміне толық сай келеді. (Араб тілінен аударған Айша сөзінің мағынасы – энергияға толы, өмірге толы деген мағынада). Қыз бала туа сала танылып кетті. Нәрестенің салмағы мен бойы, өзге де мәліметтері анықталып жатыр. Анасы мен мен баласының денсаулығы қалыпты. Алғашқы құттықтау тілектерін алып үлгерді”, – делінген хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау