Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шумахер деген атым бар": Қарақат Әбілдина неге әкесінің көлікке отырғызбағанын айтып берді

Қарақат Әбілдина неге әкесінің көлікке отырғызбағанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әншінің әкесі көлікке отырғанына қарсы болған көрінеді. Содан 10 жылға жуық өтілі бар Қарақат Әбілдина әкесінің өтініншімен көлік жүргізбейтін болып кеткен. Алматыда шумахер атанып үлгерген ол енді баратын жеріне жеке жүргізушісімен жетеді. Кей кездері күйеуі Қыдырәлінің көлігіне отыратын сыңайлы.

"Менің Алматыда 7 жылдық өтілім бар. Шумахер деген атым болған. Қатты айдағанды жақсы көргенмін. Алғашқы болып рөлге отырғандардың бірімін. Бірақ осы әкем дүниеден озатын кезде батасын беріп, бір ғана тілек айтты маған.  "Қызым, рөлге отырмай-ақ қойшы. Бір ғана тілегім, айналайын" деді. Демек әке жүрек қалаған жоқ", - дейді Қарақат Әбілдина.

Қарақат Әбілдина әкесінің неге көлік тізгініне отырма деп айтқанын түсіне алмай әлек. Оның бірнеше болжамдары да бар көрінеді. Алайда, қазіргі таңда Қарақат Әбілдина жүргізушімен жүріп әбден үйреніп қалған. Тіпті өнер иесі жүргізушінің болғаны жақсы дейді.

"Бірде концертіме алдына отырғызып қойып, айдағаным бар. Содан қатты жүргенімді байқады ма, түсіне аян берді ма?  Сол кезде Мәдина Ералиева әнші апамыз автокөлік апатынан қайтыс болған, соны жүрегіне алды ма екен. Әкемнің бір ауыз сөзі, содан мен рөлге отырмадым. Кәдімгі жүргізушімен жүремін. Бұл маған өте ыңғайлы", - дейді Қарақат Әбілдина.

Талқылау