Шулағандарға жауапкершілік: Тыныштықты бұзған қазақстандықтарға қанша айыппұл салынады
Фото: freepik.com
Ішкі істер министрлігі тұрғын үйлерде тыныштықты сақтайтын уақыт тәртібі мен ережені бұзғандарға қанша айыппұл салынатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, тыныштық уақыты тұрғындар мен ойын-сауық орындары үшін әртүрлі белгіленген. Күн сайын (аптаның қай күні болса да) сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін шулауға болмайды.
Ал ойын-сауық мекемелері үшін (тұрғын үйдің ішінде немесе жанында орналасқан): жұмыс күндері – сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері – 23:00-ден 10:00-ге дейін белгіленген.
Полицияға тұрғындардан шағым түскен жағдайда, олар оқиғаны тіркеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Егер заңбұзушылық анықталса, хаттама толтырып, айыппұл салады.
Тыныштықты бұзу қатарына мыналар жатады:
- Музыканың немесе теледидардың өте қатты дыбысы;
- Шулы жөндеу жұмыстары;
- Ұрыс-керіс, айқай-шу;
- Фейерверк пен петарда ату және т.б.
Бұл құқық бұзушылық әкімшілік кодексінің 437-бабына сәйкес қарастырылады.
Бірінші рет бұзғандар үшін:
- жеке тұлғаларға – 5 АЕК (19 660 тг);
- шағын бизнес үшін – 20 АЕК (78 640 тг);
- орта бизнес – 30 АЕК (117 960 тг);
- ірі бизнес – 100 АЕК (393 200 тг).
Егер жыл ішінде қайталанса:
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК (39 320 тг);
- шағын бизнес – 40 АЕК (157 280 тг);
- орта бизнес – 60 АЕК (235 920 тг);
- ірі бизнес – 150 АЕК (589 800 тг).
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген